Мәскеуге құны 20 мың теңге болатын ұшақ билеттері сатылуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – FlyArystan елордадан Мәскеуге қатынайтын әуе жолын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәскеуге құны 20 мың теңге болатын ұшақ билеттері сатылуда

«Алғашқы отандық лоукостер өзінің бірінші халықаралық рейсі – Нұр-Сұлтан-Мәскеу-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша билеттер сатылымын ашық деп жариялайды. Жайлы сапарлар Airbus A320 ұшақтарымен екі астанадан/ға 2019 жылдың 13 желтоқсанынан жүзеге асырыла бастайды. Қазақстанның бас қаласынан орындалатын сапарлар құны 19 999 теңгеден басталады және де бұл баға бүгінгі күнгі нарықтық бағадан 60% төмен. Ресейдің астанасынан саяхаттаймын деушілер, билеттерді әуежай алымдарымен қоса есептегенде 3333 рубльден бастап сатып ала алады», - делінген хабарламада..

Ұзақтығы 3 сағаттық күнделікті рейстер Н.Назарбаев айлағынан Жуковский халықаралық әуежайына орындалады.

180 орынды лайнерлер елордадан сағат 22:10 ұшып шығып, Мәскеуге сол күні сағат 22.40 қонатын болады. Кері қарай ұшақ 23:25 шарықтап, қазақстандық әуеайлаққа 05:35 келеді.