11:52, 07 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Мәскеуге ұшатын болгариялық авиалайнер Варнаға қонуға мәжбүр болды
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - «Болгария эйр» авиакомпаниясының ұшағы кеше Варна әуежайына қонуға мәжбүр болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Күндіз Варнадан Мәскеуге ұшып шыққан лайнердің экипажы бақылау-өлшеу құралдары техникалық ақаудың бар екенін көрсеткен кезде шұғыл қайту туралы шешім қабылдады. Бортында 106 жолаушысы бар ұшақтың қонуы жайлы болды. Зардап шеккендер жоқ.
Жолаушыларды Ресей астанасына жеткізу үшін басқа ұшақ ұсынылды.