Мәскеуге ұшып келген Boeing апатқа ұшырай жаздады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грозныйдан Мәскеуге ұшып келген «ЮТэйр» әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы Внуково әуежайына қонарда апатқа ұшырауына сәл қалды. 

Мәскеуге ұшып келген Boeing апатқа ұшырай жаздады

Бұл жайлы Telegram-канал Mash хабарлайды.

Лайнер экипажы қону нүктесіне әкелетін траекторияға бағыт түзер кезде ауытқып, жылдамдық режімін сақтай алмаған. Ұшқыштарға ауытқу туралы штурвалдың вибросигнализаторы хабарлаған.

Соның салдарынан Boeing екінші айналымға шығу үшін әуеге қайта көтерілген.

Зардап шеккендер туралы ақпараттар жоқ.