Мәскеулік азамат өз әйелін балабақшада атып кетті
АСТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат - Мәскеулік азамат өз әйелін балабақшада атып кетті, деп хабарлайды Утро.ру.
Оқиға бейсенбі күні Кузьминкадағы Федор Полетаев көшесіндегі №1898 балабақшада болды. Өз әйелімен жанжалдасу барысында 39 жасар Александр Власов оны үш мәрте травматикалық тапаншадан атып, көлігіне мініп, ізін суытты. Бірнеше сағат өткеннен соң оның оқ тиген мәйіті Федор Полетаев көшесі №5 мекен-жайындағы өз үйінде табылды. Ол травматикалық тапаншадан өзіне өзі басынан атқан сыңайлы. Зардап шеккен азаматша ауыр халде 33-інші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде.