Мәскеулік баспа Абай Құнанбаевтың өлеңдер жинағын шығаруға әзірленуде

Чистопрудный бульварында орнатылған Абай ескерткіші жанында бірнеше күн бойы оппозицияның «көпшілік серуені» өтіп жатыр. Әлеуметтік желілерде іс-шара «Оккупай Абай» атымен кеңенін танымал.
Жинақты басып шығару жоспарлары туралы «Газета.Ru»-ға жазушы Сергей Шаргунов айтып берді.
«Иә, Абай Құнанбаев өлеңдерінің жинағын басып шығаруға дайындық жүруде. Бұл туралы мен баспаның басшысымен сөйлестім», - деді Шаргунов.
Абай Құнанбаев ескерткіші - Қазақстанның Мәскеуге жасаған сыйлығы. Ескерткішті орнату туралы шешім Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005 жылғы қаңтардағы Ресейге ресми сапарының аясында, Владимир Путинмен кездесуі кезінде қабылданды. 2006 жылғы сәуір айында оның ашылу салтанатына екі елдің басшылары қатысты.
2012 жылдың 8 мамырынан ескерткіш айналасындағы аумақ оппозицияны жақтаған азаматтардың «көпшілік серуені» орнына айналды. Occupy Wall Street-ке ұқсас болғандықтан ол әлеуметтік желілерде «Оккупай Абай» деп аталып кетті.