Мәскеулік бойжеткеннің ажалы планшеттен болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде 17 жасар бойжеткен ваннаға түсіп жатқанда, тоққа қосылған планшетін пайдаланып, қайтыс болды, деп хабарлады «Интерфакс».
Қайғылы оқиға Онежский көшесіндегі үйде болған. Анасы ваннада жансыз жатқан қызын көріп, дереу полиция шақыртқан. Болжам бойынша, қызды тоқ соққан болуы мүмкін. Бойжеткен ванна қабылдаған уақытта өзімен бірге планшетті ала кіріп, оны электр желісіне жалғаған. Электрондық құрылғы суға түсіп кетіп, тоқ ұрған болуы да мүмкін, делінген хабарламада.