Мәскеулік саябақта 5 адамға жай түсті

АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласындағы Тропарев саябағына кіреберістегі бір топ адамды найзағайдың күшті электрленген заряды соқты.

Мәскеулік саябақта 5 адамға жай түсті

Бұл соққыдан бес адам зардап шекті, деп хабарлады ресейлік астананың құқық қорғау органдарындағы дереккөз. Бұл туралы Утро.ру хабарлайды. 

«Төтенше оқиға Тропарев саябағына кіреберісте шамамен кешкі бесте орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша зардап шеккен бес адамның бәрі тірі қалды». Оқиға орнында «жедел жәрдемнің» бірнеше көлігі болды.