Мәскеуліктер Астана қаласы мен «Үшқоңыр» әніне тәнті болды

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Ресей астанасындағы Кремль сарайында қазақстандық әншілердің қатысуымен Ресей және Татарстанның халық әртісі Ренат Ибрагимовтың мерейтойлық концерті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Мәскеуліктер Астана қаласы мен «Үшқоңыр» әніне тәнті болды

Бұған дейін хабарланғандай, концертте Роза Рымбаева мен танымал әнші Ержан Нұрғалиев және Ренат Ибрагимов триосы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің сөзіне жазылған «Үшқоңыр» әнін шырқаған болатын.

«Біз экрандағы Қазақстан Астанасының сұлулығы мен қазақ тілінде шырқалған әннің әуезіне тәнті болдық. Роза Рымбаева мен танымал жас әнші Ержан Нұрғалиев және Ренат Ибрагимов триосы әнді жоғары деңгейде орындады»,-деді тыңдарман қауым.
null 

 «По морю жизни» деп аталатын автобиографиялық кітап желісінің негізінде дайындалған мерекелік бағдарламаға әйгілі әншінің алыс және шақын шетелдегі достары мен әріптестері қатысты

Олардың арасында  танымал композиторлар мен әншілер бар. Атап айтқанда, Александра Пахмутова, Марат Башаров, Ольга Кабо, Евгений Воскресенский, Роза Рымбаева, Анатолий Ярмоленко («Сябры»), Фарух Закиров («Ялла»), Дина Гарипова, Мари Карне, Маргарита Позоян, Ержан Нұрғалиев, Ксана Сергиенко, «Тенора ХХI века» ұжымы, Kazan World және басқа да өнер жұлдыздары.
null 

Ауқымды концерт  Кремль сарайында өтті. Ән кешін Татарстан Республикасының камералық хоры мен РФ ФҚҚ Орталық шекара ансамблі сүйемелдеді.

null null null