03:03, 09 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Мәскеуліктер бір-бірінің машиналарын жаруға көшті
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласында екі көлік жүргізушісінің арасында болған даудың нәтижесінде біріншісі екіншісінің машинасын жарып жіберді.

«Эхо Москвы» радиостансасының хабарлауынша, оқиға Курьянов көшесінде болды. «Жигули» маркалы екі жүргізушінің арасында жанжал туып, біріншісі екіншісінің мәшинесіне белгісіз бір затты лақтырғаннан кейін көлік отқа оранып, жарылды. Көлік иесі зардап шеккен жоқ. Алайда, сол маңнан өтіп бара жатқан кездейсоқ адам жарақат алды. Қылмыскер оқиға орнынан тайып тұрды. Бірақ полиция қызметкерлері оны құрықтап үлгерді.
Айта кетейік, Мәскеу қаласында көлік жүргізушілері арасындағы жанжалдардың өршіп кеткені сонша, олар жол бойында бір-біріне сигнал беруге де қорқады. Себебі ондай жағдайда көлік иелері бір-біріне оқ жаудырған оқиғалар болған.