Мәскеуліктер бүгін Мәскеу метросындағы лаңкестіктің құрбандарын еске алады
АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат - Көптеген мәскеуліктер бүгін, Мәскеу метросының «Лубянка» және «Мәдениет саябағы» стансыларындағы лаңкестік әрекеттерден кейінгі тоғызыншы күні, жарылыс болған жерлерге жиналып, қаза болғандарды еске алмақ,
деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
«Лубянка» және «Мәдениет саябағы» стансыларындағы екі жарылыс наурыздың 29-ы күні таңертең, 40 минут аралықпен болған еді. Соңғы мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан 40 адам қаза болып, 90-нан астам адам жараланған. «Лаңкестік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әзірге 39 адамның тұлғасы анықталды, оның 23-і - ер адам, 16-сы -әйел адамдар. Тағы бір адамның тұлғасы әзірге анықталған жоқ.
РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтері бойынша, лаңкестік әрекеттердің салдарын жоюға жалпы есеппен 657 адам және 187 техника тартылды, , оның ішінде төтенше қызметтің атынан - 342 адам және 100 техника тартылды.