Мәскеуліктер өмір-жасының ұзақтығы 75 жылдан асты

АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Мәскеуліктердің өмір-жасының ұзақтығы 75 жылдан асты. Бұл туралы Мәскеу үкіметінің отырысында астана мэрі Сергей Собянин мәлім етті.
None
None

«2011 жылы көптеген шынайы көрсеткіштер бойынша оң серпінге қол жеткізілді. Өлім-жітім азайды, соның ішінде инфаркт, инсульт, туберкулез және басқа да әлеуметтік аурулар қысқарды. 23 жылдың ішінде алғаш рет Мәскеу халқының табиғи өсіміне қол жеткізілді. Мәскеуліктердің күтілген өмір-жасы ұзақтығы 75 жылдан асты», - деді мэр.

Қала басшысының айтуынша, бұл көрсеткішке денсаулық сақтау саласын жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру арқасында қол жеткізілді. «Бағдарлама Ресей Үкіметімен бірлесіп жүзеге асырылуда. 2010 жылы үкімет төрағасы Владимир Путинмен федералдық бюджеттен астаналық денсаулық сақтау саласына 50 миллиард рубль бөлу келісілді. Осы қаржыға қоса жаңарту бағдарламасы мен медицина мекемелерін абаттандырудың қосымша шараларына екі жылда 125 миллиард рубльден астам қаржы жұмсалды», - деп атап өтті Собянин.  

Соңғы жаңалықтар