Мәслихат депутаттарын сайлау қашан өтетіні белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 26 қазанда мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте комиссияның баспасөз хатшысы Венера Жексембекова айтты.

Мәслихат депутаттарын сайлау қашан өтетіні белгілі болды

«46 округте 26 қазанда өтетін мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты айтар болсақ, қазіргі қолда бар мәліметтер бойынша 1 қыркүйекке дейін барлық облыстық және Астана, Алматы қалалық сайлау комиссияларына мәслихат депутаттығына үміткерлер әлі ұсынылған жоқ», - деп атап өтті ОСК өкілі.

Айта кетейік, жуырда өтетін Сенат сайлауына ел мәслихаттары 15 үміткер ұсынды. Ал қалған 73 азамат өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланды. 2 қыркүйектегі жағдай бойынша сайлау комиссиялары ұсынылған 88 үміткердің 59-ын тіркеп үлгерді. Олардың арасында 5 әйел үміткер бар, үміткерлердің орташа жасы 53,5 жасты құраған.