Мәслихат депутаттарының сайлауы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың 14 өңірі бойынша 59 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтті. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Венера Жексембекова мәлім етті.

Мәслихат депутаттарының сайлауы өтті

«Астана қалалық мәслихатының 1 депутаты, 7 облыстық депутат, 12 қалалық және 39 аудандық мәслихаттар депутаттары сайланды. Сайлау науқаны барысында 188 кандидат ұсынылды, олардың 61-ін саяси партиялар, 2-ін қоғамдық бірлестіктер ұсынды және 125-і өзін-өзі ұсынғандар. Округтік сайлау комиссиялары мәслихат депутаттығына кандидат ретінде 170 адамды тіркеді», - деп атап өтті В.Жексембекова.

Дауыс беру 392 сайлау учаскесінде өтті. Сайлаушылардың келуі алғашқы мәліметтерге сәйкес 74,4%-ды құрады.

Дауыс беру және дауыстарды санау рәсімі барысын байқауды 686 кандидаттардың сенім білдірген адамдары, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және БАҚ-тың өкілдері жүзеге асырды.

Сайланған мәслихат депутаттарының құрамында 44 (74,6%) ер адам, 15 (25,4%) әйел адам.

57 депутат - ҚР саяси партияларының мүшесі, 1-і партияда жоқ, тағы 1-і партияға мүшелігін көрсетпеген.

Олардың 56-сының (94,9%) жоғары,1-інің (1,7%) арнаулы орта және 2-інің (3,4%) орта білімдері бар.