Мәслихат депутаттарының сайлауына 104 кандидат ұсынылып, 9-ы тіркелді - ОСК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәслихат депутаттарының сайлауына 104 кандидат ұсынылып, 9-ы тіркеуден өтті. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында мәлім болды.

Мәслихат депутаттарының сайлауына 104 кандидат ұсынылып, 9-ы тіркелді - ОСК

Еске сала кетейік, бүгінгі таңда республикамызда түрлі деңгейдегі 213 мәслихат жұмыс жасайды. Ал осы мәслихаттар депутаттарына 3335 мандат тиесілі болса, соның 48-і қазіргі уақытта бос. Соған орай, 26 қазанда 48 округте мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына үміткерлерді сайлау өтеді.

«Жұмылдырылған облыстық және Алматы қалалық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 19 қыркүйектегі жағдай бойынша мәслихаттар депутаттығына 104 кандидат ұсынылды, олардың 9-ы тіркелді», - делінген ОСК таратқан баспасөз хабарламасында.