Мәслихат сайлауы: астаналықтар өз сайлау учаскесін қалай біле алады

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада 29 қарашада қалалық мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Елордалықтар дауыс беретін сайлау учаскесін қазірден бастап біле алады. Осы мақсатта онлайн сервистер мен iKomek бірыңғай байланыс орталығының қызметі қолжетімді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Выборы в маслихат: как астанчанам узнать адрес своего избирательного участка
Фото: Астана әкімдігі

Сайлау күні қиындық туындамас үшін тұрғындар сайлаушылар тізімінде өз мәліметтерінің бар-жоғын алдын ала тексеріп, дауыс беретін учаскесінің мекенжайын нақтылай алады.

Өз сайлау учаскеңізді келесі тәсілдермен білуге болады:

• sailau.astana.kz ресми сайты арқылы;
• Telegram желісіндегі «Сайлау Астана» чат-боты арқылы;
• 109 нөміріне хабарласып, iKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы.

Сайлау күні учаскеңізге жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды алып баруыңыз қажет.

Осыдан бұрын Ұлытау облысында мәслихат сайлауына 201 кандидат тіркелгенін жаздық.