Мәслихат сайлауында Әділет және Су ресурстары министрлері дауыс берді
АСТАНА. KAZINFORM – Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев дауыс берді, деп хабарлады бүгін министрліктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ өз таңдауын ҚР Су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітов те жасады.
-Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беріп, азаматтық борышымды орындадым,-деп жазды ол министрліктің Telagram парақшасында.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр.