15:51, 16 Қараша 2011 | GMT +5
Мәслихат сайлауы келесі жылдың 15-інші қаңтарында өтетін болды
АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы мәслихаттарының сайлауын келесі жылдың 15-інші қаңтарында өткізетін болды. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс барысында осындай қаулы қабылдады.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәжілістен соң болған брифингте мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын партиялық тізімдер бойынша, сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауымен қатар өткізу туралы шешім қабылданғандығын айта келе: «біз сайлауды тағайындау мен өткізуге қатысты нормаларды, сондай-ақ бұл сайлаулар Президент сайлауы мен Парламент Сенаты депутаттарының сайлауымен бір мезгілде өткізілмейтіндігі туралы талаптарды толық сақтап отырмыз», -деп атап көрсетті.