Маслихатқа әкімнің жұмысына мониторинг жасау өкілеттігі беріледі - министрлік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәслихаттардың мәртебесін арттыру мақсатында оларға қосымша өкілеттіктер берілетін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифнгте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәслихаттардың мәртебесін арттыру мақсатында барлық деңгейдегі мәслихаттарға қосымша өкілеттіктер берілетін болады. Бұл әкімдердің халықпен кездесулерінде көтерілген проблемаларды шешуіне мониторинг жүргізу, депутаттардың әкімдіктің бюджеттік комиссияларының жұмысына қатысуы, қажет болған жағдайда бюджетті нақтылауға бастамашылық жасау құқығын береді. Сондай-ақ, мәслихат төрағасының және мәслихат аппараты басшысының әкімшілік және ұйымдастыру мәселелері бойынша өкілеттіктері қаралған», - деп тоқталды Бауыржан Омарбеков.

Сонымен бірге брифингі барысында вице-министр өңірлердегі жергілікті органдар үшін жүргізілетін мемлекеттік сатып алу рәсімдері жеңілдейтінін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар