Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлаудың қорытындылары шығарылды - ҚР ОСК

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 наурызда еліміздің 14 өңіріндегі 59 сайлау округінде болған мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлаудың қорытындылары шығарылды, деп хабарлайды ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінен.
None
None

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабы 4-тармағына сәйкес 29 наурызда республиканың 14 өңірінде 59 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау болды.

Астана қалалық мәслихатының 1 депутаты, 8 облыстық, 10 қалалық және 40 аудандық мәслихаттың депутаттары сайланды», делінген хабарламада.

Сайлау науқаны барысында барлығы 196 кандидат ұсынылды. Олардың 60-ын саяси партиялар ұсынды, 136-сы - өзін-өзі ұсынғандар. Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттар депутаттығына кандидат ретінде 179 адамды тіркеді. Жалпы республика бойынша сайлау бюллетеньдеріне 167 кандидаттың тегі енгізіліді. Бір депутаттық мандатқа орташа бәсекелестік шамамен 3 үміткерді құрады.

2015 жылғы 29 наурызда 252 сайлау учаскесінде өткен дауыс беру болды. Сайлаушылардың келуі 81,7%-ды құрады. Дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімін кандидаттардың сенім білдірген адамдары, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және БАҚ өкілдері - барлығы 447 адам байқауды жүзеге асырды.

Мәслихаттардың сайланған депутаттарының құрамында 43 ер адам және 16 әйел адам болды. Мәслихаттардың сайланған депутаттарының орташа жасы - 45 жас. Олардың 98,3%-ның жоғары, 1,7%-ның арнаулы орта білімі бар. 28,8%-ы мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда, 50,8%-ы коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды, 20,3%-ы - саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкерлері. Жалпы, сайлау науқаны сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес өтті. Ортсайлаукомға шағымдар мен өтініштер келіп түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар