Mass Alert жүйесі: Алматы тұрғындарына шұғыл хабарлама келді

АСТАНА. KAZINFORM – 17 қазан күні таңертең Алматы тұрғындары «президенттік хабарландыру» алды – қалада Mass Alert ескерту жүйесі сынақтан өтті.

Қозоғистонда телефон рақамлари eGov  орқали берилиши мумкин
Фото: Kazinform

Бұл жолы тек Android құрылғыларын ғана емес, iOS құрылғыларын да қолданушылар хабарлама алды.

Бұған дейін қала әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтары Mass Alert ескерту жүйесінен хабарлама алу үшін iPhone құрылғыларын iOS 18 нұсқасына жаңарту қажет екенін хабарлаған болатын.

«Хабарлама сынақ сипатында болғандықтан, қала тұрғындары мен қонақтары алаңдамауы керек. Енді хабарландыру iOS операциялық жүйесінің пайдаланушылары үшін де қолжетімді болады», - деп хабарлады бұған дейін әкімдікте.

Мобильді құрылғы пайдаланушылары «Ұлттық хабарландыру» деп белгіленген сынақ ескертуін алды, ал кейбір Android операциялық жүйесі бар құрылғы пайдаланушыларына «Президенттік хабарландыру» деп белгіленген сынақ ескертуі келді.

Еске сала кетсек, ағымдағы биылғы 31 мамырдағы бірінші кезеңде Android операциялық жүйесі бар құрылғыларды пайдаланушылар үшін тестілеу сәтті жүргізілді. Бұрын хабарланғандай, екінші кезеңде электрондық хабарландыру жүйесіне iOS құрылғыларын пайдаланушылар қосылады.

Еске сала кетсек, бүгін Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді.