13:46, 23 Сәуір 2013 | GMT +5
Массачусетс штатында қар адамының аяғы табылды
АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Массачусетс штатында екі жасөспірім ерекше олжаның үстінен шықты. Олар наурыз айының соңында орманда серуендеп жүріп, шіріген алып аяққа тап болады.
Daily Mail басылымының жазуына қарағанда, бұл қар адамының шынымен-ақ бар екенінің нақты дәлелі болуы ықтимал. Ол Бостонның оңтүстік шығысында 10 шақырым жерде орналасқан Куинси қаласының маңында табылған. Өз тапқандарын жасөспірімдер бірден тәртіп сақшыларына хабарлаған.
Жергілікті полицейлер әбден шіріген сүйек қалдықтарының шыққан жерін анықтау үшін оны сарапшыларға жөнелтті. Мамандар табылған аяқ адамға тиесілі емес деген қорытындыға келді. Ал бес саусақтың болуы оларды да таңдандырып отыр.