Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Математик Джон Нэштің Нобель медалі сатылымға шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық математик кіші Джон Форбс Нэшке тиесілі Нобель медалі 17 қазан күні өтетін Sotheby's аукционында сатылады, деп жазды The New York Times. Оның бағалау құны 2,5-4 миллион долларды құрады.

Математик Джон Нэштің Нобель медалі сатылымға шығарылды

Экономика бойынша Нобель сыйлығы Джон Нэшке 1994 жылы «Бейкооперативтік ойындар теориясындағы тепе-теңдік анализі» еңбегі үшін берілген.

Кіші Джон Форбс Нэш пен оның әйелі Алисия 2015 жылы АҚШ-та, математика бойынша ең жоғары марапат - Абель сыйлығын алып келе жатқанда, жол апатынан қаза тапқан.