Математика - Қазақстанда ғылымның ең дамыған саласы

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Түркі тілдес елдердің математиктерінің кездесуі тек ғылым саласында емес білім, мәдениет және өнеркәсіп саласындағы біріккен жұмыстарының кепілі болмақ. Конгрестің жұмысында қазіргі математика ғылымының әртүрлі саласындағы теориялық, тәжірибелік және қолданбалы сипаттағы баяндамалар оқылып талқыланады. Марқұм ғалым Шалтай Смағұлов айтқандай, «қазақтар о бастан математикаға бейім халық». Оған біздің оқушылардың дүниежүзілік математикалық олимпиадаларда жүлделі орындарды иеленіп жүргені дәлел бола алады. Жалпы бұл конгрестің Қазақстанда өткізілуі еліміздің тағы бір жаңа белеске көтерілгенінің белгісі. Ол біздің математиктерге үлкен жауапкершілік жүктейді», дейді ҚР ҰҒА академигі Бақытжан Жұмағұлов. Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университеті ректорының айтуынша, Қазақстаның атақ-даңқы бүгінде шартарапқа жайылды. Қазақстанда шынайы нарықтық экономика қалыптасқанын халықаралық беделді ұйымдар және әлемдік деңгейдегі қоғам қайраткерлері мен экономист ғалымдар мойындап отыр.