«Мәтібұлақ» полигонында зениттік бөлімшелердің далалық жиындары өтеді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты «Мәтібұлақ» жалпыәскери оқу-жаттығу полигонында далалық жиындар басталады. Қазақстанның барлық Қарулы Күштерінен жиналған әуе шабуылына қарсы қорғаныстың зениттік бөлімшелері, әскери техника мен қару-жарақ полигон жағдайында бір ай өткізеді.
None
None

Жауынгерлер ЗУ-23-2 зениттік құрылғылардан және тасымалданатын зенит-зымырандық кешеннен жауынгерлік оқ ату бойынша практикалық дағдыларын жетілдіреді, жауынгерлік және дене даярлығы бойынша сынақ тапсырады, сондай-ақ бөлімшелердің сайысы өтеді, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Командир ұлан капитаны Дәурен-Дауыр Сабырдың басшылық етуімен жиынға қатысатын теңіз жаяу әскері бригадасы зениттік дивизионының техникасы мен жеке құрамы бар эшелондардың бірі Маңғыстау облысынан оңтүстік полигонға аттануға дайын. Бүгін теміржол көлігіне техника тиеу толық аяқталды.

Теңіз жаяу әскері бригадасы зениттік дивизионының әскери қызметшілері мұндай жиындарға жыл сайын қатысатынын айта кеткен жөн. Алайда, биылғы жылы алғаш рет полигонға өздерінің техникасымен келеді. Командирдің айтуы бойынша жиынға дайындалуға 20 күн кетті. Бригададан барлығы 50-ден астам зенитші әскери қызметші тартылатын болады.

Соңғы жаңалықтар