Мәулен Әшімбаев: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы
«Құрметті достар!
Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ту, Елтаңба, Әнұран – әрдайым халқымызды бірлікке шақыратын, әрбір қазақстандықтың айбынын асырып, рухын асқақтататын ең асыл құндылықтарымыздың бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш пен жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы!
Шын мәнінде, егемен елдіктің нышаны саналатын рәміздеріміздің қадір-қасиетін өскелең ұрпақтың санасына бала жастан сіңірудің берері мол. Бұл, түптеп келгенде, жастарымыздың отаншыл болып қалыптасуына үлкен үлесін қосады. Сондықтан бұл күнді кеңінен атап өту, оны дәріптеу айрықша мәнге ие.
Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа амандық, береке-бірлік және ырыс-несібе тілеймін! Әнұранымыз әуелеп, Елтаңбамыз төрден түспей, Байрағымыз биікте желбірей берсін! Тәуелсіз Қазақ елі мәңгі жасасын!»,-деп жазды Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook парақшасында.