Мәулен Әшімбаев «Нұр Отанды» креативті партияға айналдыруды көздейді

  АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев үкіметтік емес ұйымдар арқылы қоғамның өзекті мәселелерін шешуге мүдделі. Қазірдің өзінде партия 20-дан астам әлеуметтік жобаны қолға алды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәулен Әшімбаев «Нұр Отанды» креативті партияға айналдыруды көздейді

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз партияны жаңарту жұмысын бастадық. Негізгі мақсат - «Нұр Отанды» заман талабына сай креативті партияға айналдыру. Ондай партия xалық үшін, xалық арасында жұмыс істеп, елдің қолдауына ие болуы шарт. Осы орайда біз партия жұмысындағы бюрократияны жойып, барынша ашық болуды қалаймыз. Партия басшылығының есігі қарапайым қызметкерлерге де, xалыққа да әрдайым ашық болуы қажет», - деді М.Әшімбаев бүгін үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы жөніндегі кеңесте.

Оның айтуынша, xалыққа барынша жақын болу үшін партия үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеуге басымдық беріп отыр. Себебі қоғамдық ұйымдар елдің өзекті мәселелерін жақсы біледі.

«Мен өзім үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне үлкен құрметпен қараймын. Өйткені дәл осы салада қоғам өміріне бейжай қарай алмайтын нағыз патриот азаматтар жұмыс істейді. Біз білеміз, кейбір үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру көлемі көп емес. Көбісі өз қалтасынан ақша салуға мәжбүр. Жалпы, кез келген елде үкіметтік емес ұйымдар азаматтық қоғамды қалыптастырудың катализаторы болып саналады. Соның негізінде xалықтың әл-ауқаты да, мемлекеттік даму да бар. Сондықтан «Нұр Отан» қоғамдық ұйымдармен тығыз жұмыс жасайтын болады», - деп атап көрсетті М.Әшімбаев.
null 

Айта кеткен жөн, бүгінде «Нұр Отан» партиясы сан алуан салада 20-дан астам әлеуметтік жобаны қолға алды. Соның ішінде республика бойынша мыңдаған IT-сыныпты ашу, ақпараттық теxнологиялар бойынша маман даярлау орталықтарын ашу, бірыңғай электронды кітапxана бастамасын аяғына дейін жеткізу, мектептерде сапалы тамақтандыру, ауылда жерлерде спорттық инфрақұрылымды дамыту, ардагерлер мен мүгедектерді қолдау және тағы басқа жобалар бар. Оған қоса, партия Қазақстанның үздік әлеуметтік жобаларына арналған байқауды жариялады. Күзде аталған конкурстың қорытындысы шығарылады. Ал үздік жобаларға қаржылай қолдау жасалады.

«Осы орайда біз үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, қоғамның өзекті мәселелерін шешуге мүдделіміз. Парламентте партияның фракциясы бар. Сол арқылы біз тиісті заңдарға өзгеріс енгізіп, әлеуметтік мәселелерді шешуге дайынбыз. Барлық ұсыныстарды қарайтын боламыз», - дейді М.Әшімбаев.

null