Мәулен Әшімбаев: Ел экономикасының алдында айқын мақсаттар тұр

АСТАНА. KAZINFORM - Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев еліміз Үкіметінің алдында тұрған мақсаттар туралы ойын тарқатты.

Мәулен Әшімбаев
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

"Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Бектенов еліміздің Премьер-Министрі болып тағайындалды.

Олжас Абайұлы - елдік мүдде жолында жауапты лауазымдарды абыроймен атқарып келе жатқан тәжірибелі мемлекеттік қызметші. Сондықтан ол жаңа қызметте өзіне жүктелген маңызды міндеттерді мүлтіксіз орындайды деп сенеміз және соған тілектестігімізді білдіреміз.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, қазіргі таңда ел экономикасының алдында айқын мақсаттар тұр. Бұл бағыттағы бастамаларды жүзеге асыру үшін батыл шешімдер мен нақты істер қажет екені де айтылды", - деген сенатор.

Ол осы ретте Парламент Сенаты Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы орындау үшін Үкіметпен әрдайым қоян-қолтық жұмыс істеуге дайын екенін атап өткен. 

Соңғы жаңалықтар