Мәулен Әшімбаев Қазақстанның Вице-президенті қашан тағайындалатынын айтты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның Вице-президентін тағайындау мәселесі жаңа Құрылтайдың құрылуынан кейін шешіледі. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті.

Мәулен Әшімбаев
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Оның айтуынша, бұл мәселелер Мемлекет басшысының құзыретіне жатады. 

— Жаңа Құрылтай сайланған соң, Мемлекет басшысы тиісті шешім қабылдайды. Заңға және жаңа Конституцияға сәйкес шешімдер қабылданады. Атап айтқанда, бұл мәселелер Конституциямызда нақты көрсетілген, - деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл наурыз айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-президент лауазымы елдің билік институттарын нығайтатынын айтты.

Айта кетейік, қаңтар айында Вице-президентке қойылатын талаптардың үлгісі жарияланды.

 

Соңғы жаңалықтар