Мәулен Әшімбаев түркі ынтымақтастығы туралы: Бұл – геосаяси жоба емес

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада Түркі мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының кезекті отырысы өтіп жатыр. Жиында сөз алған Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев түркі ынтымақтастығының басым бағыттарына тоқталды.

мәулен әшімбаев
Фото: Сенат

- Ұлттық тұтастыққа сына қағу, елдер арасына іріткі салу белең алған қазіргі дәуірде өзімізге тән осы бірегейлікті сақтау аса маңызды міндет десек, артық бола қоймас. Бұл өзара бірлігімізді нығайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ, мәдениетті, менталитетті және идеологияны біріктіріп, жаһандық ортада жоғалмай, батыл қадамдар жасауға жол ашады. Мәдени және рухани бірлікке негізделген одақтың іргесі қашан да берік, келешегі жарқын болады, - деді ол.

Оның пайымдауынша, түркі елдерінің болашағы мәдени және тарихи мұраларымыз бен бірегейлігімізді сақтауға тікелей байланысты. 

- Бұл – геосаяси жоба емес. Бұл – ортақ тарих, тілі құндылықтар және мақсат-міндеттер біріктіретін мәдени-экономикалық заманауи ынтымақтастық. Бұл ретте әлеуметтің, адами капиталдың маңызы зор, - деді Сенат төрағасы.

Бұған дейін Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан және Солтүстік Кипр Түрік Республикасы парламенттерінің спикерлері Ұлттық ғарыш орталығына барып, ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің жұмысымен танысқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар