Мәулен Әшімбаев Үкімет жұмысының тиімділігіне қатысты пікір айтты
АСТАНА. KAZINFORM – Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Үкімет жұмысының тиімділігіне қатысты пікір білдірді.
«Жалпы, Үкімет қарқынды жұмыс істеп жатыр. Алға қойылған мақсаттарды орындап келеді. Әрине, кемшіліктер де болуы мүмкін. Ол жайында бұқаралық ақпарат құралдарында жазып жүрсіздер», - деді М. Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның пайымынша, қазір Үкімет Мемлекет басшысы, Парламент бастамашылық еткен кешенді реформаларды жүзеге асыру үшін қажет қадамдар жасап жатыр.
«Министрлер мен орындалып жатқан бағыттарға қатысты нақты аспектілер, оған берілетін баға 7 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылады деп ойламын», - деді Сенат төрағасы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 7 ақпан күні Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.