Маусымның соңғы күндері күн райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM – Маусым айының соңғы онкүндігінде Қазақстанның солтүстік-батыс жартысында жаңбыр жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК бас директорының бірінші орынбасары Серік Сайыров айтып берді.

ауа райы
Фото: Kazinform

Спикердің айтуынша, кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел тұруы мүмкін. Елдің батысында ауа температурасы +18+25 градус аралығында болады. Ал солтүстікте ауа температурасының 33+38, орталықта, шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +36+43 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін.

«Шілде айында елдің басым бөлігінде қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, екпінді жел, бұршақ болжануда. Еліміздің батыс және оңтүстік аймақтарында найзағайлы жаңбыр күтіледі. Ыстық күндер салқын күндермен алмасып отырады. Негізгі температуралық фон батыста және оңтүстік аймақтарда +30+38 ыстық болады, кей күндері термометр бағаны 40-45 градусқа жетеді. Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында температура +25+38 градус шегінде болжанады», – деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Соңғы жаңалықтар