Маусым айы басталғалы Қазақстанда аумағында 13 адам суға кетті - ТЖК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маусым айы басталғалы Қазақстан аумағында 13 адам суға кетті. Бұл туралы бүгін ҚР Төтенше жағдайлар комитетінде өткен баспасөз мәслихатында осы ведомствоның ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті.

Маусым айы басталғалы Қазақстанда аумағында 13 адам суға кетті  - ТЖК

Оның сөзіне қарағанда, биыл суға шомылу маусымы басталғалы (1 маусымнан) Қазақстандағы су қоймаларында 13 адам суға батып кетті. Олардың арасында бір бала Алматыда суға кеткен.

Атап айтқанда, жыл басынан бері құтқару қызметтері суда 154 адамды құтқарған екен, оның арасында 31-і - балалар.

Ал 2014 жылы 478 адам суға батып кетсе, оның ішінде 108 бала ажал құшқан.

Адамдардың суда қауіпті жағдайға тап болуының негізгі себептері жүзе білмеу, өз күшін бағалай алмауы, мас күйінде суға шомылу, балаларды бақылаусыз қалдырып кету, жеке құтқару құралдарынсыз балық аулау, жабдықталмаған жерлерде суға түсу жиірек орын алуда.

Ресми өкілдің айтуынша, қазіргі кезде су қоймалары, өзендер мен көлдердің маңында орналасқан балалардың демалыс лагерлеріндегі қауіпсіздік ерекше назарға алынып отыр. Осы орайда білім беру, денсаулық сақтау, жергілікті атқару органдарымен бірлескен кешенді шаралар іске асырылуда. Мұнымен қоса, адамдар көп жианалатын жағажайлардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құтқару бөлімшелерінің жеке құрамдары дайындалды.