10:06, 31 Мамыр 2013 | GMT +5
Маусым айында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан екі ұшырылым жасалады - Роскосмос
БАЙҚОҢЫР. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Ресей федералдық ғарыш агенттігінің ғарыш аппараттарын (ҒА) ұшырудың 2013 жылға арналған жоспарына сәйкес, маусым айында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан екі ұшырылымды жасау көзделеді.

Бұл туралы Роскосмостың баспасөз қызметінен хабарлады.
«Бриз-М» үдеткіш блогы бар «Протон-М» ғарыштық мақсаттағы алғашқы зымыранның ұшырылымы «СЭС-6» байланыс ғарыш аппаратын орбитаға шығаруға арналған.
Сонымен қатар маусым айында «Союз-2.1б» зымыран-тасығышының көмегімен жүзеге асырылатын «Ресурс - П» жерді қашықтан зондтау ғарыш аппаратының ұшырылымы болады.
Роскосмос баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше 30 мамыр күні «Бриз-М» үдеткіш блогы және «СЭС-6» ғарыш аппараты бар «Протон-М» «Байқоңыр» ғарыш айлағының № 200 кешеніне шығарылып, орнатылды. Ұшырылым биылғы маусым айының басына жоспарланып отыр.