Маусым айында былтырғыға қарағанда баға төмендеген

АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Статистика агенттігінің хабарлауынша 2012 жылғы маусымда 2011 жылғы маусыммен салыстырғанда азық-түлік тауарларының жеке түрлеріне баға төмендеді.
None
None

Атап айтқанда, аталған кезеңде жармалар 28,6 пайыз, қант - 19,4 пайыз, жемістер мен көкөністер - 15,9 пайыз, ұн - 10,2 пайыз, май және тоң май - 3,7 пайызға арзандаған. Ал 2011 жылғы маусымда оларға бағаның маңызды өсуі белгіленген болатын. Ағымдағы жылғы маусымда бағаның өсімі 2011 жылғы маусымға қарсы нанға 1,4 пайыз, алкогольдік ішімдектеріне - 4,5 пайыз, сүт өнімдері, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдеріне - 4,9 пайыздан, балық және теңіз өмімдеріне - 5,3 пайыз, кофе, шай және какаоға - 5,4 пайыз, кондитерлік өнімдеріне - 6,6 пайызға төмендеген.

 Дегенмен, етке бағаның өсуі біршама жоғары қалыптасты. Атап айтқанда, сиыр еті 26,3 пайыз, қой еті - 22,5 пайызға, жылқы еті - 21,6 пайыз, шошқа еті - 18,3 пайыз, шұжықтар, еттен жасалған өнімдері - 9,9 пайызға қымбаттады.

Соңғы жаңалықтар