Маусым айында еліміздегі инфляция деңгейі 0,3 пайызды құрады

Атап айтқанда, азық-түлік және азық-түлік емес тауарларына баға өткен айда 0,2 пайызға, ақылы қызметтерге - 0,4 пайызға өскен. Өткен айда бағаның төмендеуі жұмыртқаға 7,1 пайыз, жармаларға - 3,3 пайыз, жаңа жиналған көкөністерге - 1,6 пайыз, ұнға - 0,9 пайызға, май және тоң майға, қантқа - 0,6 пайыздан, жаңа сауылған сүтке, күрішке - 0,2 пайыздан тіркелді. Бағаның жоғарылауы картопқа 7,1 пайыз, ет және құс етіне, алкогольсіз сусындарға - 1 пайыз, жемістерге - 0,5, алкогольдік ішімдіктерге - 0,4 пайызға белгіленген.
Сонымен қатар, есепті кезеңде баға өсімі темекі өнімдеріне 1,2 пайыз, тұрғын жайларды ағымдағы күтіп ұстау мен жөндеуге арналған материалдарға - 0,8 пайыз, үй тұрмысына қажетті заттарға - 0,4 пайыз, жеке күтімге арналған тауарларға - 0,3 пайызға, киім және аяқ киім, фармацевтикалық өнімдерге - 0,2 пайызға өсті. Дизель отыны 0,3, бензин - 0,2 пайызға арзандады.
Бұдан бөлек, баға деңгейі мектепке дейінгі білім беру қызметтеріне 0,8 пайыз, мейрамханалар мен қонақ үйлер - 0,6 пайыз, денсаулық сақтау - 0,5 пайызға, көлік, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары - 0,4 пайызға артқан. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер тарату желілері бойынша тасымалданатын газға - 2,3 пайыз, орталықтан жылытуға - 1 пайыз, қоқыс жинауға - 0,7 пайыз, кәрізге - 0,1 пайызға өсті, ал ыстық суға 0,6 пайызға төмендеді.