Маусым айында инфляцияның жылдық көрсеткіші 7,6 пайызды құрады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биыл алғашқы жарты жылдықта инфляция 3,9 пайыз болды. Былтыр ол 5,7 пайызды құраған еді. Инфляцияның баяулауына азық-түлік тауарлары мен ақылы қызмет көрсету бағасы өсуінің баялауы үлкен ықпал етіп отыр. ҚР Ұлтық банкінің төрағасы Григорий Марченконың айтуынша, маусым айының қорытындыларына қарағанда биыл инфляцияның жылдық көрсеткіші 7,6 пайыз болды. 2008 жылы ол 9,5 пайызды құраған болатын.
ҚР Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция өткен айда 0,4 пайыз болды. 2008 жылдың маусымында ол 1,2 пайыз болған еді. Алғашқы жарты жылдықтың соңғы айында азық-түлік тауарлары 0,2 пайыз, азық-түліке жатпайтын тауарлар 0,6 пайыз, ақылы қызмет көрсету 0,4 пайызға өсті. Өткен жылдың сәйкес мерзімінде ол азық-түлікте 1,7 пайыз, азық-түлікке жатпайтын тауарларда 0,8 пайыз, ал ақылы қызмет көрсетуде 0,8 пайызды құраған болатын.