Маусым айында министрлер мен Мәжіліс депутаттары азаматтарды қабылдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маусым айында «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында министрліктердің басшылары мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары азаматтарды қабылдайды, деп хабарланған аталмыш партия сайтында.
None
None

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі, полицияның генерал-полковнигі Қалмұхамбет Қасымов азаматтарды 10 маусымда қабылдайды.

3 маусымда - Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Е.Иманғалиев, 5 маусымда - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының кеңесшісі Г.Айманбетова, 12 маусымда - Қазақстан Республикасының инвестиция және даму министрлігінің бірінші вице-министрі Ж.Қасымбек, ал 17 маусымда - Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі С.Омаров ел тұрғындарының шағым-тілектерін тыңдайды. Ал 19 маусымда - Қазақстан Республикасы сырты істер министрінің орынбасары А.Мусинов, 24 маусымда - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаров, 26 маусымда - Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі М.Құсайынов азаматтарды қабылдайды. Сонымен бірге «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары - «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері азаматтардың қабылдауын өткізеді. Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Құттықожа Ыдырысов 2 маусымда, 4 маусымда аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Ромин Мадинов азаматтарды қабылдайды. 9 маусымда - әлеуметтік-мәдени даму бойынша комитетінің мүшесі Светлана Ферхоның, 11 маусымда - Қаржы және бюджет бойынша комитетінің төрағасы Гүлжан Қарағұсованың, 16 маусымда - заңнама және сот-құқықтық реформалар бойынша комитетінің мүшесі Ольга Киколенконың, 18 маусымда - экология және табиғатты пайдалану бойынша комитетінің мүшесі Шавкат Өтемісовтің, 23 маусымда - халықаралық іс, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша комитетінің мүшесі Үсенгелді Медеуовтің, 25 маусымда - әлеуметтік-мәдени даму бойынша комитетінің мүшесі Мейрам Бегентаевтың азаматтарды қабылдауы жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар