Маусым айында жаңа тұрғын үй бағасы 0,6 пайызға төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат -Статистика агенттігінің хабарлауынша, 2014 жылғы маусымда тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі байқалды. Атап айтқанда, 2014 жылғы маусымда өткен мамыр айымен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 0,6 пайызға төмендеді.
Агенттік мәліметінше, 2014 жылдың маусым айында жаңа тұрғын үйлердің 1 шаршы метр бағасы 214 350 теңгені құраған. Бұл мамыр айына қарағанда 0,6 пайызға төмен. Сонымен бір мезгілде, абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сатудың орташа бағасы шаршы метріне 168 986 теңгені құрап, мамыр айына қарағанда 0,2 пайызға артқан.
«Есепті кезеңде абаттандырылған тұрғын үйлерді жалға беру және абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату бағалары 0,4 пайызға өскен», - делінген баспасөз баянында.