13:22, 30 Мамыр 2016 | GMT +5
Маусым айының басында Қазақстанның оңтүстігінде 40 градус ыстық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаздың алғашқы күндері Қазақстанның оңтүстігінде 40 градус ыстық болады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

«Қазақстанның оңтүстігінде жаздың басында +30-35ºС дейін, кей жерлерде +38-41ºС ыстық болады деп күтілуде. Бұл климаттық нормадан на 5-10º жоғары».
Республиканың қалған аумағында Батыс Сібірмен араласқан суық атмосфералық ағындардың ықпалымен жер-жерлерде найзағай ойнап, жауын жауып, жел соғады. Кей аудандарда бұршақ жауып, ауа температурасы қалыптыдан төмен 1-3ºС-қа төмендейді, - делінген хабарламада.