Маусымаралық кезеңде адамдардың 80 пайызында дәрумен жетіспейді – дәрігер

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте №26 емхананың геронтолог дәрігері Светлана Фазылжанова дәрумен жетіспеушілігінің себептері, белгілері және авитаминоз кезінде кездесетін аурулар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Дәрігердің айтуынша, жыл сайын маусымаралық кезеңде адамдардың 60-80%-ы дәрумен жетіспеушігін сезінеді. Аталған ауруға жеткіліксіз назар аудару және оны елемеу көбінесе жағымсыз салдарға және жағдайдың нашарлауына әкеледі.
«Әр адамның ағзасына жеке қарау керек және оны дәрумендерді таңдаған кезде де ескерген жөн, минералдарды заттар мен олардың көлемі де соған қарай тағайындалады. Әртүрлі патологиялармен және ауырған аурулардың салдарынан дәрумен жетіспеушілігі бірнеше есе артуы мүмкін. Айта кетерлігі, суық тиген кезде аспирин қабылдау ағзадан С дәруменінің бөліну жылдамдығын 3 есеге арттырады», - дейді Светлана Фазылжанова.
Геронтолог дәрігері авитаминозды қандай белгілер арқылы анықтауға болатынын атап өтті.
«Мәселен, бұрын жанға рахат сыйлайтын заттар мен әрекеттерге апатия және қызығушылықты жоғалту, суық тию мен мұрынның бітуі,бір немесе бірнеше созылмалы аурулардың өршуі, түнгі 2:30 және 3:30 уақыт аралығында жиі ояну, терідегі безеудің пайда болуы немесе терінің шамадан тыс құрғауы, шаштың сынғыштығы және тырнақтардың қатпарлануы, іш қату, гастрит түрінде асқазан-ішек жолдарының бұзылуының пайда болуы, қызылиектің қанауы, бас ауруының жиілеуі, құлақтың шуы және бас айналу. Бұл белгілердің болуы прогрессивті көктемгі авитаминозмен жедел күресу қажеттігін көрсетеді»,- дейді спикер.
Сондай-ақ, дәрігер көктемгі авитаминозбен тиімді күресу үшін қазіргі уақытта ағзаға қандай дәрумендер немесе олардың комбинациясы қажет екенін анықтау маңызды екенін жеткізді.
«Күн сайын жетіспейтін дәруменнің нақты мөлшерін толтыруға тырыспау керек. Оның орнына дәрігерлер қажетті дәрумендер мен минералдардың орташа мөлшерін бірнеше күн немесе апта ішінде алуға кеңес береді», - деп түсіндірді спикер.
Дәрумен тапшылығының алдын алудың негізгі қағидасы – дұрыс және теңдестірілген диетаны сақтау. Сонымен қатар, дәрумен жетіспеушілігі кезінде таза ауада жиі серуендеу және тұрақты спорттық жаттығулар көмектеседі.
Дәрігер тамақтанудың негізгі ережелерін елеусіз қалдырмауға және тамақтану рационына жаңа сығылған шырындарды, фрештерді, көкөністердің, жемістердің және көк шөптердің әртүрлілігін қосуды ұсынады.
Сондай-ақ, маман дәруменнің жетіспеуін елемеу медициналық араласуды қажет ететін ауыр ауруларға, тіпті ауруханаға жатқызуға дейін апаратынын еске салды.


Соңғы жаңалықтар