Маусымда 76,6 мың адам жұмысқа қабылданып, 73,7 мың адам өз еркімен қызметімен қош айтысты - Статистика
АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Маусымда 76,6 мың адам жұмысқа қабылданып, 73,7 мың адам өз еркімен қызметімен қош айтысты, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Жедел деректерге сәйкес, ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 2012 жылғы маусымда 76,6 мың адам қабылданды, түрлі себептермен - 73,7 мың адам жұмыстан кетті. Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар 82,2, қызметкерлер санының қысқаруына байланысты босатылғандар-2,4, басқа себептер бойынша босатылғандар 15,4 пайызды құрайды», - делінген хабарламада.
Ведомствоның атап өтуінше, 2012 жылғы маусым айында жұмысқа қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,4, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,3, ал жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті - 2,0 пайыз болған. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 104,0 пайызды құрады.