Маусымда Ақмола облысындағы 12 ауыл мен 1 қалада әкімдер сайлауы өтеді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – 4 маусым күні Ақмола облысына қарасты 12 ауылдық округ пен бір қаланың әкімдерін сайлау өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маусымда Ақмола облысындағы 12 ауыл мен 1 қалада әкімдер сайлауы өтеді

Өңір әкімдігінің сайтында жарияланған хабарламаға сай, мына ауылдық округтер мен Есіл қаласының әкімін сайлау өтеді:

- Аршалы ауданының Анар ауылдық округінің әкімі;

- Атбасар ауданының Новосельское ауылдық округінің әкімі;

- Бұланды ауданының Вознесенский ауылдық округінің әкімі;

- Бурабай ауданының Зеленобор ауылдық округінің әкімі;

- Егіндікөл ауданының Буревестник ауылының әкімі;

- Есіл ауданы Есіл қаласының әкімі;

- Жақсы ауданының Киевское ауылының әкімі;

- Зеренді ауданының Бұлақ ауылдық округінің әкімі;

- Қорғалжын ауданының Арықты, Қызылсай ауылдық округтерінің әкімдері;

- Сандықтау ауданының Балкашино ауылдық огругінің әкімі;

- Целиноград ауданының Родина ауылдық округінің және Қараөткел ауылының әкімі.