23:11, 01 Шілде 2013 | GMT +5
Маусымда азық-түлік тауарлары 4,5 пайызға өсті - Статистика
АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - 2013 жылғы маусымда азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы маусыммен салыстырғанда 4,5 пайызға өсті, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.
«2013 жылғы маусымда 2012 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға ұнға 16,3, жемістер мен көкөністерге - 12,4, макарон өнімдеріне - 11,5, тоқаш және ұн өнімдеріне - 5, балық және теңіз өнімдеріне - 4,6, кофе, шай және какаоға - 4,4, май және тоң майға - 4,1, алкогольді ішімдіктерге - 4, сүт өнімдеріне - 3,9, кондитерлік өнімдерге - 3,2, нанға - 1,7 пайызға өсті. Бағаның төмендеуі жармаларға 10,4, қантқа - 6,6 пайызға байқалды», - делінген хабарламада.
Ведомствоның ақпаратына қарағанда, аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 3,3 пайыз құрады. Қой етіне баға деңгейі 4,4, шұжық өнімдеріне - 4,2, жылқы етіне - 3,9, шошқа етіне - 3,2 пайызға, сиыр етіне, құс етіне 2,6 пайыздан жоғары болды.