Маусымда елордадағы ең төменгі күнкөріс мөлшері 49 367 теңге болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маусым айында елордада ең төменгі күнкөріс мөлшері 49 367 теңгеге жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маусымда елордадағы ең төменгі күнкөріс мөлшері 49 367 теңге болды

«Нұр-Сұлтан қаласында маусымдағы ең төменгі күнкөріс мөлшері – 49 367 теңге. Бұл – мамыр айымен салыстырғанда 5,2%-ға, ал 2021 жылғы маусыммен салыстырғанда 13,3%-ға көп», - делінген Ұлттық статистка бюросының хабарламасында.

1 сәуірден бастап ел бойынша ең төменгі күнкөріс мөлшері – 37 389 теңге. Бұл орайда, бас шаһардағы күнкөріс деңгейі 11 978 теңгеге жоғары.