Маусымда жұмыссыздар саны 468 мың адамды қамтыды

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - 2013 жылғы мамырда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 54 343 теңгені құрады, бұл 2012 жылғы мамырға қарағанда 8 пайызға жоғары. Ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2 пайызға жоғарылады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
None
None

2013 жылғы маусымда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы (алдын ала деректер) 109 962 теңгені құрап, 2012 жылғы маусымға қарағанда 4,8 пайызға өсті. Нақты жалақы индексі (алдын ала деректер) 2012 жылғы маусымға 99 пайызды құрады.

«Биылғы маусымда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 468 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санының 5,2% пайызын құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2013 жылғы маусымның соңына 58,9 мың адамды қамтыды немесе экономикалық белсенді халық санының 0,7 пайызы. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,4 пайызын құрады», - делінген агенттік мәліметінде.
Соңғы жаңалықтар
Референдум