Маусымның 1-інен бастап «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылданады

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат - 2009 жылғы маусымның 1-інен бастап тамыздың 15-іне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылданады,
None
None
деп хабарлады ҚазАқпаратқа орталықтың баспасөз қызметінен. Құжаттарды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Астана және Алматы қалаларында сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге қабылдайды. Ескерту: 2009 жылғы маусымның 1-і мен 30-ы аралығында Алматы қаласында тек өз бетімен ынта білдірген үміткерлердің құжаттары қабылданады. Пошта арқылы жіберілген құжаттар қабылданбайды.
Соңғы жаңалықтар