Маусымның 26-сында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған акция өткізіледі
АСТАНА. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат. /Даниел Шайынғазин/ - Ағымдағы жылғы маусымның 26-сында Отан қорғаушылар алаңында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған акция өткізіледі, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
20-ғасырдың екінші жартысында есірткі тұтыну көптеген елдерде өзекті проблема болып отыр. Есірткіге тәуелді адамдар санының жылдам өсуі әлемдік қоғам алдында қатты алаңдатушылық туғызып отыр.
Бұл кесепат жекелеген мемлекеттердің шекарасынан баяғыда өтіп, ұлт генофонына айтарлықтай залал келтіріп, бүкіл адамзаттың қауіпсіздігіне қорқыныш болып отыр. Осыған байланысты Біріккен Ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясы 1987 жылы желтоқсанның 7-сінде есірткі тұтынудан азат халықаралық қоғам құруға БҰҰ мүше мемлекеттер қабылдаған міндеттеме туралы еске түсіру ретінде маусымның 26-сы күнін жыл сайын атап өтуге қаулы етті.
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күнін жыл сайын атап өту біздің елімізде жақсы дәстүрге айналды. Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасы ІІМ ЕБҚКК, астаналық ІІД және жастар ұйымдары акцияның негізгі ұйымдастырушылары болып табылады.
Іс-шаралар сағат 10.00-ден 23-00-ге дейін күні бойы болады.
Акция бағдарламасына:
Балалар шеберханасы - баланың өнерге жанасуы (қол өнер, оригами, скульптура, хореография, вокал, футбол, құммен сурет салу және т.б.) шаралары кіреді:
Сағат 12.25-те Астана қаласы Әкімінің орынбасары А.Балаеваның, ІІМ ЕБҚКК төрағасы Ж.Сүлейменовтың, астаналық ІІД бастығының орынбасары А.Оразәлиевтің қатысуымен «Бостандық. Бақыт. Өмір» акциясының салтанатты ашылуы өтеді.
Концерттік бағдарлама - балалар творчестволық ұжымдарының, цирк әртістерінің, бойшаң қуыршақтардың өнер көрсетуі.
Бұқаралық ойындар, байқаулар, викториналар.
Ақысыз лотерея -балалар сыйлығын ойнату.
Әуе батпырауықтарын ұшыру.
Сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін - артмоб - республикалық туға сап түзеу.
Сағат 17.10-ден 21.00-ге дейін - шоу-бағдарлама - фэшн көрсетілім, астаналық хиттардың, би жобаларының тұсаукесері, КТК, байқаулар, лотереялар. От шашуды қосу, жұлдызды аспан оттары.
Сағат 21.00-ден 23.00-ге дейін дискотека - атақты ди-джейлердың сэты, пена-пати.