Маусымның аяғына дейін барлық жобалар бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясы өтпек - Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау

А Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Осы уақытқа дейін жоспарда тұрған 72 индустриялық-инновациялық жобалардың 30-ы бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясы өтті. Сондықтан бұл жобалар іске қосылды деп айтуға болады.

Маусымның аяғына дейін  барлық жобалар бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясы өтпек - Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау

Бүгін Үкіметтің кезекті отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау осылай айтты.

Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік қабылдау комиссиясынан өткен жобалардың ішінде аллюминий және металлопрокат зауыттары бар. «Енді маусымның аяғына дейін барлық 72 жоба бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясын өткізу жоспарланып отыр», деді А. Рау.

Вице-министр атап көрсеткендей, биылғы жартыжылдықта жалпы құны 340 млрд. теңгені құрайтын 72 жобаны іске қосу жоспарланған. Осының арқасында 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құру көзделген. Бүгінгі таңда аталған жобалар бойынша қаржыны игеру көлемі 97 пайызды құрап отыр.