Май қосылған кофе батыс жұртының сүйікті сусынына айналып барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыста май қосылған кофе жұрттың сүйікті сусынына айналып келеді. Ол адамның күш-қуатын арттырып, арықтауына да көмектеседі, деп жазады Росбалт.

Май қосылған кофе батыс жұртының сүйікті сусынына айналып барады

АҚШ пен Британияның ірі дәмханалары май қосылған кофені мәзіріне енгізіп те үлгерген.

Бұл сусынды салауатты өмір салтын насихаттаушы Дэйв Аспрей есімді азамат әлемді саяхаттап жүріп, Тибетте татып көрген екен. Дэйфтің айтуынша, осы сусынға қанып алған адам 6 сағаттан астам өзін қуатты сезінеді екен. Оған қоса, адамның артық салмақтан арылуына да сеп болатын көрінеді, деп жазады Meddaily.

Осы орайда қазақтың шайға сары май сапырып ішетін әдеті еріксіз ойға оралады. Күні кешеге дейін қарт әжелеріміз шайға қалампыр қосып, май сапырып ішіп келгені белгілі. Енді осы дәстүріміз батыста дәріптеліп жатқан көрінеді.