Майами турнирі: Юлия Путинцева жартылай финалға шыға алмай қалды

Юлия Путинцева одержала невероятную победу на турнире в Аделаиде
Фото: ktf.kz

МАЙАМИ. KAZINFORM — Қазақстанның екінші, әлемнің 68-ракеткасы Юлия Путинцева Майами (АҚШ) WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады.

Қазақстандық теннисші ширек финалда кезінде дүниежүзілік рейтингіде көш бастаған, қазір 32-орында тұрған Беларусь өкілі, Аустралия ашық чемпионатының екі дүркін жеңімпазы Виктория Азаренкомен бетпе-бет келді.

Осыған дейін қарсыластар өзара екі рет кездесіп, белоруссиялық спортшы жеңген.

Бұл жолы Путинцева матчты бірден брейкпен бастады – 2:0. Бірақ Азаренко алысқа ұзатпады – 3:3. Есеп 4:4 болғанда, тағы бір брейк жасаған Юлия өзі доп бергенде, үш сетболын пайдалана алмады – 5:5. Тай-брейкте Азаренко сәтті ойнады – 7:6 (7:4).

Путинцева екінші сетте де 2:0 есебімен алға шықты. Белоруссиялық теннисші қайыра брейк жасағанымен, Юлия қатарынан төрт геймді алды – 6:1.

Үшінші, шешуші партияда Беларусь өкілі матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін мүлт жіберді – 5:2. Дегенмен екінші рет бергенде, дегеніне жетті – 6:3.

Үш сағаттай уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында Ю.Путинцева 5 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды. В.Азаренко 2 эйс, 5 брейкпен (16 брейк-пойнт) көзге түсті.

Виктория Азаренко финалға шығу үшін тағы бір қазақстандық, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина немесе рейтингіде 9-орындағы грекиялық Мария Саккаридің қай жеңгенімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Майами турнирінде ширек финалға шыққан барлық теннисшілер анықталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар